ЯзыкRUKZEN

Шотты Интернет-портал көмегімен толықтыру

Сіздің тұрақ шотыңыздағы қаражат  тұрақ  сессиясы ақысын төлеу үшін жеткіліксіз болған жағдайда, Сіз өзіңіздің тұрақ шотыңызды https://2888.kz Интернет-порталындағы жеке кабинетіңізде толықтыра  аласыз. 

Тұрақ шотын толықтырғаннан соң тұрақ ақысын төлеу үшін МІНДЕТТІ ТҮРДЕ төлем операциясын кез-келген қолжетімді тәсілмен жүзеге асыру керек.   Бұл жағдайда тұрақ ақысын төлеуге қажет  қаражат Сіздің тұрақ шотыңыздан ұстап қалынады.  

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Айыппұлды тұрақ шотындағы қаражат есебінен төлеу мүмкін емес.  

Тұрақ  шотындағы қаражат   пайдаланушыларға кері қайтарылмайды. 


ТҰРАҚ ШОТЫН ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛДЫҢ ЖЕКЕ КАБИНЕТІНДЕ ТОЛЫҚТЫРУ 

Тұрақ шотын https://2888.kz Интернет-порталының жеке кабинетінде толықтыру үшін   келесі әрекеттерді орындау керек: 
1. https://2888.kz Интернет-порталында Тіркеліңіз немесе, онда бұрын тіркеліп қойған болсаңыз, өз логиніңіз және құпия сөзіңіз көмегімен  жеке кабинетке кіріңіз. 
2. Тиісті батырманы басу арқылы Тұрақ шотын толықтыру тарауына көшіңіз және толықтырудың қолжетімді тәсілдерінің бірін таңдаңыз. 
3. Ашылған формада тұрақ шотын толықтыру үшін салғыңыз келген соманы көрсетіңіз де,
«Жалғастыру» батырмасын басыңыз. 


Тұрақ  шотын Мобилді телефон көмегімен толықтыру

Назар аударыңыз! Тұрақ шотын  мобилді телефон арқылы толықтыру мүмкіндігіне тек өз профильдерінде телефон нөмірі көрсетілген пайдаланушылар ғана қол жеткізе алады!

Актив және  Билайн  пайдаланушылары үшін жұмыс істейді.

1. Тұрақ шотын толықтырудың бұл тәсілін таңдағандаТолықтыру пиктограммасын басыңыз.
2. Шотты толықтыруға жұмсалатын соманы енгізіңіз де,  Жалғастыру батырмасын басыңыз.
3. Егер  Сіздің  балансыңыздағы ақша жеткілікті болса,  шот автоматты түрде толығады. 

Ақылы көлік тұрақтарының жұмысына қатысты барлық мәселелер бойынша 8-800-080-28-88  телефонына,  сондай-ақ: parking-ast@mail.ru  электронды поштасына хабарласуыңызға болады.