ЯзыкRUKZEN

Тұрақ шотын мобилдік қосымша арқылы толықтыру

Өзіңіздің тұрақ шотыңыздағы қаражат тұрақ сессиясы ақысын төлеуге жеткіліксіз болған жағдайда,   Сіз тұрақ шотыңызды  "Астананың көлік тұрақтары" мобилдік қосымшасының жеке кабинетінде толықтыра аласыз. 

Тұрақ шотын толықтырғаннан соң тұрақ ақысын төлеу үшін МІНДЕТТІ ТҮРДЕ төлем операциясын кез-келген қолжетімді тәсілмен жүзеге асыру керек.   Бұл жағдайда тұрақ ақысын төлеуге қажет  қаражат Сіздің тұрақ шотыңыздан ұстап қалынады.  

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Айыппұлды тұрақ шотындағы қаражат есебінен төлеу мүмкін емес.  

Тұрақ шотындағы қаражат  пайдаланушыларға   кері қайтарылмайды. 


ТҰРАҚ ШОТЫН «АСТАНАНЫҢ КӨЛІК ТҰРАҚТАРЫ» МОБИЛДІК ҚОСЫМШАСЫНЫҢ ЖЕКЕ КАБИНЕТІНДЕ  ТОЛЫҚТЫРУ 

Тұрақ шотын «Астананың көлік тұрақтары» мобилдік қосымшасының жеке кабинетінде толықтыру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1. Телефоныңызға  мобилдік қосымша жүктеп, орнатып алыңыз.

2.  Тіркеу рәсімін өтіңіз, немесе https://2888.kz  Интернет-порталында бұрын тіркеліп қойған болсаңыз, өзіңіздің логиніңіз және құпия сөзіңіз көмегімен  авторизациядан өтіңіз.

3.  Егер сіздің телефоныңыз Android тұғырнамасында  жұмыс істейтін болса: 

  • Сол жақ жоғарғы бұрышта орналасқан пиктограммасын басу арқылы Басты менюге өтіңіз.
  • Тұрақ шотын толықтыру үшін ашылған менюде  пиктограммасын басыңыз.

    Егер сіздің телефоныңыз iOS  тұғырнамасы негізінде жұмыс істейтін болса:

  • Сол жақ төменгі бұрышта орналасқан    пиктограммасын басу  арқылы Басты менюге өтіңіз.
  • Тұрақ шотын толықтыру үшін ашылған менюде  пиктограммасын басыңыз.

4. Тұрақ шотын толықтыру үшін жұмсамақ болған сомаңызды  көрсетіңіз де,  толықтыру тәсілін таңдаңыз.


Тұрақ шотын Мобилді телефон көмегімен толықтыру 

Назар аударыңыз! Тұрақ шотын  мобилді телефон арқылы толықтыру мүмкіндігіне тек өз профильдерінде телефон нөмірі көрсетілген пайдаланушылар ғана қол жеткізе алады!
Актив және  Билайн  пайдаланушылары үшін жұмыс істейді.
1. шотты толықтырудың осы тәсілін  таңдағаннан кейін, "Толықтыру" батырмасын басыңыз.   
2. өзіңіз көрсеткен телефон нөміріне тұрақ шотын толықтыру жөніндегі нұсқау жазылған   СМС-хабарлама келіп түседі.
3. хабарлама мәтінімен мұқият танысыңыз және ондағы әрекеттерді бұлжытпай орындаңыз.
4. Шотты толықтыру операциясының сәтті аяқталғаны туралы хабарламаны күтіп алыңыз.


Ақылы көлік тұрақтарының жұмысына қатысты барлық мәселелер бойынша 8-800-080-28-88  телефонына,  сондай-ақ: support@city-parking.kz электронды поштасына хабарласуыңызға болады.