ЯзыкRUKZEN

Шотты «Касса 24» терминалы арқылы толықтыру

Сіздің тұрақ шотыңыздағы қаражат  тұрақ  сессиясы ақысын төлеу үшін жеткіліксіз болған жағдайда,  Сіз өзіңіздің тұрақ шотыңызды «Касса 24» терминалы арқылы толықтыра аласыз.    Толықтырудың мұндай тәсілін пайдаланғанда ұсталатын комиссия 0% құрайды.

Тұрақ шотын толықтырғаннан соң тұрақ ақысын төлеу үшін МІНДЕТТІ ТҮРДЕ төлем операциясын кез-келген қолжетімді тәсілмен жүзеге асыру керек.   Бұл жағдайда тұрақ ақысын төлеуге қажет  қаражат Сіздің тұрақ шотыңыздан ұстап қалынады.  

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Айыппұлды тұрақ шотындағы қаражат есебінен төлеу мүмкін емес.  

Тұрақ  шотын пайдаланушыларға  қаражат  кері қайтарылмайды. 



ТҰРАҚ ШОТЫН "КАССА 24" ТЕРМИНАЛЫ АРҚЫЛЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАМЕН ТОЛЫҚТЫРУ 

Тұрақ шотын осы тәсілмен толықтыру үшін  үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Терминалдың басты экранында: «Басқа төлемдер» тарауын таңдаңыз.

2. Ашылған  меню  ішінен: «Астананың көлік тұрағы кеңістігі» тарауын таңдап алыңыз.

3. «Дербес шотты толықтыру» қызметін таңдаңыз.

4. Меню ашылған кезде, өзіңіздің жеке кабинетіңізге  теңілген телефон нөмірін көрсетіңіз де,  «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.

5. Ақшаны салыңыз да, «Төлеу» батырмасын басыңыз. 

Назар аударыңыз! Терминал артық ақшаны қайтармайды!  Жүзеге асырылған операциядан ауысып қалған ақшаны осы терминалда қолжетімді басқа кез-келген қызмет ақысын төлеу үшін пайдалана аласыз. 

6. Тұрақ ақысын төлеу операциясының сәтті аяқьалғаны туралы хабарламаны міндетті түрде күтіп алыңыз.

                                                                   



Ақылы көлік тұрақтарының жұмысына қатысты барлық мәселелер бойынша 8-800-080-28-88  телефонына,  сондай-ақ: support@city-parking.kz электронды поштасына хабарласуыңызға болады.