ЯзыкRUKZEN

Интернет-портал көмегімен төлеу

Интернет-портал көмегімен төлеу 

Көлік тұрағы ақысын төлеу үшін https://2888.kz Интернет-порталында тіркелу рәсімінен өтіңіз, ал егер бұрын тіркеліп қойған болсаңыз, өз логиніңіз және құпия сөзіңіз көмегімен  жеке кабинетініңізге кіріңіз.Тұрақ ақысын  жеке кабинеттен  төлеу ақшаны виртуалды тұрақ шотынан ұстап қалу арқылы жүзеге асады. Ал сіздің тұрақ шотыңызда ақша жеткіліксіз  болған жағдайда, Сіз оны  толықтыра аласыз немесе жетіспей тұрған соманы ұсынылған тәсілдердің кез-келгенінің көмегімен төлей аласыз.  Тұрақ шотын толықтырудың барлық қолжетімді тәсілдері туралы егжей-тегжейлі ақпаратты  «Тұрақ шотын толықтыру» бөлімінен алуға болады.

Көлік тұрағы ақысын төлеу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз: 


1. «Тұрақтар» қосымша парағына өтіңіз; 2. Ашылған үлгіде келесі бос жолдарды толтырыңыз:•   Тұрақ аймағының нөмірі;•   Көлік құралының нөмірі;•   Көліктің тұрақта тұру уақытының ұзақтығы.3. Егер Сіздің тұрақ шотыңыздағы ақша жеткілікті болса, «Тұрақ ақысын төлеу» батырмасын басыңыз.  Сіздің тұрақ шотыңыздан ақша  тұрақ ақысы ретінде автоматты түрде ұстап қалынады. 
4. Ал егер Сіздің тұрақ шотыңызда ақша тұрақ ақысын төлеуге жеткіліксіз болса,  экранда  ақшаның қалған бөлігін басқа тәсілмен төлеу немесе   «тұрақ шотын толықтыру» туралы  ұсыныс пайда болады. 
5. Төлем рәсімін жалғастыру үшін «Жалғастыру» батырмасын басыңыз да, өзіңіз қалаған төлем тәсілін таңдаңыз.

Көлік тұрағы ақысын Мобилді телефон көмегімен төлеу


1. Төлемнің бұл тәсілін таңдағанда, егер Сіздің профиліңізде телефон нөмірі көрсетілген болса,  ол  автоматты түрде аталған бетте пайда болады. Ал егер Сіздің профиліңізде телефон нөмірі көрсетілмеген болса, оны тиісті жолға енгізіңіз де «Жалғастыру»  батырмасын басыңыз.    2. Аталған телефон нөміріне тұрақ шотын толықтыру жөніндегі нұсқау жазылған СМС-хабарлама келеді.3.   Телефоныңызға келген хабарламаны мұқият оқып алып, онда көрсетілген барлық әрекеттерді бұлжытпай орындаңыз.4. Операцияның сәтті аяқталғаны туралы хабарламаны міндетті түрде күтіп алаңыз.
Ақылы көлік тұрақтарының жұмысына қатысты барлық мәселелер бойынша толық  ақпарат алу үшін  8-800-080-28-88  телефонына,  сондай-ақ: support@city-parking.kz  электронды поштасына хабарласуыңызға болады.