ЯзыкRUKZEN

Паркомат көмегімен төлеу

ПАРКОМАТ КӨМЕГІМЕН ТӨЛЕУ



Паркомат  тек алдын ала төлемді қабылдайды. Төлем тұрақ сессиясының алғашқы  30 минутында жүзеге асырылуға тиіс.
Тұрақ ақысын паркомат арқылы банк картасы көмегімен төлеу жөніндегі нұсқау  (ВИДЕО)
1)  тұрақ сессиясының ақысын төлеуге кірісу  үшін кез-келген батырманы басыңыз;

2) « » батырмасын басып, тілді таңдаңыз;

3)  өз көлік құралыңыз  қойылған тұрақ нөмірін енгізіңіз, немесе  « √ » батырмасын басу арқылы   паркоматтағы тұрақ  нөмірін  растаңыз;

4) көлік құралыңыздың тіркеу нөмірін  енгізіңіз де, « √ » батырмасын басыңыз;

5) банк картасымен төлеу үшін  «+» батырмасын басыңыз;

6) банк  картасын карта қабылдағышқа салыңыз, немесе  валидаторға тақаңыз;

7) «+» және  «-» батырмаларын пайдалана отырып,  тұрақ сессиясының ұзақтығын таңдаңыз да, « √ » батырмасын басыңыз;

8) картаңызды  және төлем туралы чегіңізді алуды  ұмытып кетпеңіз.


Тұрақ ақысын паркомат арқылы қолма-қол ақшамен  төлеу жөніндегі нұсқау  (ВИДЕО)
1) тұрақ сессиясының ақысын төлеуге кірісу үшін кез-келген батырманы басыңыз;

2) « » батырмасын басып, тілді таңдаңыз;

3) өз көлік құралыңыз қойылған тұрақ нөмірін енгізіңіз, немесе  « √ » батырмасын басу  арқылы паркоматтағы тұрақ  нөмірін  растаңыз;

4) көлік құралыңыздың тіркеу нөмірін  енгізіңіз де, « √ » батырмасын басыңыз;

5) монета-қабылдағышқа,   тұрақ сессиясының ұзақтығына сәйкес төленетін соманы  «50» және «100» теңге  номиналындағы монеталармен  салыңыз да, « √ » батырмасын басыңыз;

6) төлем туралы чегіңізді алуды ұмытып кетпеңіз.


Маңызды!  Паркомат көмегімен төленген тұрақ уақыты мерзімінен бұрын тоқтатылған болса, пайдаланылмаған  ақша кейін қайтарылмайды.


Паркомат көмегімен төлегенде ұсталатын комиссия - 0%.