ЯзыкRUKZEN

Мобилдік қосымша арқылы төлеу

Мобилдік қосымша арқылы төлеу жөніндегі нұсқау

Сіз «Астананың көлік тұрақтары» мобилдік қосымшасын жүктеп ала аласыз. («Астананың көлік тұрақтары» мобилдік қосымшасын  пайдалану жөніндегі толық нұсқаумен және пайдаланылатын операциялық жүйенің ерекшеліктерімен  Сіз тиісті сілтемеге өту арқылы танысуыңызға болады):
НҰСҚАУ                                                                                          НҰСҚАУ Android                                                                                            iOS                                       «Астананың көлік тұрақтары»  мобилдік  қосымшасында келесі қызметтерге  қол жеткізуге болады:
Тұрақ шотында қанша  қаражат  барын  тексеру;• балансты толықтыру;• тұрақ ақысын төлеу;• тұрақ уақытын  тоқтату;• тұрақ уақытын  ұзарту;• ағымдағы тұрақтар туралы ақпарат алу;• төлемдер тарихымен танысу;• тұрақ ақысын төлеу үшін МТБ  тізімін бақылау және  жүргізу;• өзіңіздің дәл қазір тұрған жеріңізден таңдаған көлік тұрағына дейінгі  жол бағытын сызу;• өзіңіз дәл қазір тұрған жерге ең жақын орналасқан көлік тұрағын іздеп табу.
Аталған қызмет түрлеріне тек тіркелген пайдаланушылар ғана қол жеткізе алады. Сондықтан, оларды  пайдалану мүмкіндігіне ие болу үшін Сіздің тіркеу рәсімінен өтуіңіз керек, немесе  https://2888.kz Интернет¬-порталында пайдаланылып жүрген бұрынғы логин және құпия сөз көмегімен авторизация жасау  қажет.  Тұрақ ақысын «Астананың көлік тұрақтары»  мобилдік  қосымшасы көмегімен төлеу,   ақшаны виртуалды тұрақ шотынан ұстап қалу арқылы жүзеге асырылады. Егер сіздің тұрақ шотыңыздағы қаражат төлем жүргізуге  жеткіліксіз  болса, Сіз шотты  ұсынылған  тәсілдердің бірі арқылы толықтыра аласыз. 
Тұрақ ақысын төлеу үшін келесі әрекеттерді жасаңыз:1. Картадан өзіңіз тұрған көлік тұрағын таңдап алыңыз.2. Сосын «ТӨЛЕУ» батырмасын басыңыз.3.  Егер сіз дәл қазіргі тұрақ сессиясы үшін төлейтін болсаңыз, ТӨЛЕМ қосымша парағында  "Дәл осы сәттен"  батырмасын тауып алыңыз. Ал егер ағымдағы тәулік ішінде өтіп кеткен тұрақ сессиясы  ақысын  төлегіңіз келсе,  "Тәулік ішіндегі төлем" батырмасын таңдаңыз.4. Сосын тұраққа қойған автокөліктеріңіздің бірінің нөмірін теріңіз.5.  Дәл қазіргі тұрақ сессиясы үшін төлейтін болсаңыз, тұрақ ұзақтығын сағат санымен көрсетіңіз.Сондай-ақ,  қажеттігіңізге қарай  уақытты  ұзартуыңызға немесе тоқтатуыңызға болады.6. Сондай-ақ  Сіз  «еске салу»  қызметін  қойып алсаңыз, төленген уақыт біткен соң мобилдік қосымша телефоныңызға тиісті  хабарлама жібереді.   7. "Төлеу" батырмасын басыңыз.  
Қаражат  Сіздің тұрақ шотыңыздан немесе мобилдік телефон балансынан ұсталады (бұл қызметті тек Activ және  Beeline абоненттері пайдалана алады).
"Астананың көлік тұрақтары" мобилдік қосымшасы арқылы төлегенде ұсталатын  комиссия - 0%.