ЯзыкRUKZEN

Жаңалықтар

09.11.2018 ж.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік туралы шартқа қол қою туралы

Елордалық әкімдікте «Астана қаласының ақылы көлік тұрағы кеңістігін құру, пайдалану және басқару» жобасы бойынша  «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту» ММ мен «Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС арасындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік (МЖС) туралы ортақ шартқа қол қойылды. Айта кеткен жөн, бұл елорданың көліктік инфрақұрылымын дамыту Стратегиясы аясында Астананың көлік кеңістігін басқаруға автоматтандыру жүйесін енгізудегі алғашқы жоба. 

Мемлекеттік орган мен жеке серіктес арасындағы серіктестік елордада бірыңғай көлік тұрағы кеңістігін  құру мен  ұйымдастыруды қарастырады. Келесі кезеңде 2019 жылдың соңына дейін 10 мыңнан астам ақылы көлік орны пайдалануға  беріледі. 

- Жобаның бірегейлігі – біз ақылы тұрақ нарығын қалыптастырудамыз. Қазір мемлекеттік серіктеспен бірлесе, ақылы тұраққа бөлінген жер учаскелерін рәсімдеумен айналысып жатырмыз. Айта кететін жайт, алғашқы тұрақтарды іске қосқалы тек 10 айдан кейін ғана төлемдердің 22% көрсеткішіне қол жеткіздік.  Пайда туралы айтпаса да болады. Келесі кезеңді жүзеге асыруға инвестор өз қаржысын құятын болады, - деп атап өтті «Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС директоры Ардақ Тұрғанқұлов.   

Ақылы тұрақтарды іске қосудың келесі кезеңі сол жағалауда - Қонаев, Достық көшелері, оң жағалауда – Кенесары, Бейбітшілік, Сейфуллин, Желтоқсан, Жеңіс көшелерінде жүзеге асырылады. А.Тұрғанқұловтың айтуынша, тұрақ аймақтарын ұйымдастырып, жол белгілері мен ақпараттық тақталарды орналастыруға белгілі уақыт кетеді. Сондай-ақ жеке инвестор өкілі қала тұрғындарын жол белгілері мен жаңа ақпараттық тақталарға мұқият болуға шақырады.  «Біз міндетті түрде бір ай бұрын көлік иелерін хабардар етеміз. Ақылы тұрақ болатын жерлерге алдын ала бұл жердің ақылы болатыны жайлы ескертетін ақпараттық тақталар ілінеді, - деп А.Тұрғанқұлов жоспарымен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, пилоттық режимдегі жоба 2018 жылдың 15 қаңтарынан бастап Нұрлыжол желекжолында іске қосылды. Әкімшілік орталықта 487 аймақтың 24-і сертификатталған арнайы жабдықтармен – паркомат, жол белгілері, ақпараттық тақта және таңбалармен жабдықталып, ақылы болды. 

Астанадағы жол-көлік торабының алғашқы ақылы коммуналдық тұрақ қызметін өткен 9 айда 500 мыңнан астам жүргізуші пайдаланған, дей тұрғанмен, тұрақ қызметі төлемінің 94 мың ғана дерегі тіркелген. Тұрақ ережелерін бұзған 23 мың көлік жүргізушісі айыппұл қағаздарын алды. 

Анықтама үшін:

Ұлы Отан соғысының ардагерлері, бірінші және екінші топ мүгедектері, «Алтын Қыран» және «Халық қаһарманы» ордендерінің иегерлері, «Алтын Алқа» және «Күміс Алқамен» марапатталған көп балалы аналар, Семей ядролық полигонындағы жарылыстардан зардап шеккендер, сондай-ақ Ауғанстандағы және басқа да жауынгерлік әрекеттер ардагерлері мен мүгедектеріне тіркелген автокөліктер әкімдік бекіткен Ақылы тұрақтарды пайдалану ережесіне сәйкес, ақылы тұрақтарды тегін пайдалану құқығына ие. Естеріңізге сала кетейік, жоғарыда аталған азаматтар жеңілдікке ие болу  құқықтарын тіркеу үшін жұмыс күндері сағ. 08:00-ден 20:00-ге дейін  Шарль де Голль көшесі, 1а мекенжайы бойынша келуі қажет.  Қажет құжаттар тізімі 2888.kz сайтында көрсетілген. Сұрақтар бойынша жұмыс күндері 8 800 080 2888 тегін телефонына хабарласа аласыздар. 


24.08.2018 ж.

Құрметті автокөлік жүргізушілер! 

2018 жылдың 25 тамыз күні автокөлік тұрақтары 2018 жылдың 31 тамыз күні үшін істейді.

Демалыс күндері: 2018 жылдың 30, 31 тамыз, 1, 2 қыркуйек күндері.


20.08.2018 ж.

Құрметті автокөлік жүргізушілер! 

Ертең 21 тамыз барша мұсылман қауым Құрбан айт мерекесін тойлайды! Қазақстандықтар бұл күні демалады.

Еске сала кетейік, мереке күндері ақылы тұрақтарға көлік қою тегін.


05.07.2018 ж.

«Паркуйся activно» шарасының нәтижелері туралы

2018-жылғы 5-маусым мен 1-шілде аралығында  Астана қаласының  20-жылдығы құрметіне  Елордадағы Нұржол желекжолы бойында орналасқан ақылы көлік тұрақтарының  операторы «Паркуйся activно» шарасын ұйымдастырған болатын.  Шара   active ұялы байланыс операторымен бірлесе ұйымдастырылған және Астана көше-жол желісінің ақылы көлік тұрақтары қызметін насихаттауға бағытталған еді. 

Шараға небәрі 471 автокөлік иесі қатысты.  Қатысушылардың жас шамасына шектеу қойылған  жоқ,   басты шарт –  тұрақ ақысын смс-хабарлама арқылы төлеу болатын. Шара қорытындылары бойынша  үш жеңімпаз анықталды.  Төленген тұрақсағат санын  ең көп жинақтаған –  К.Жайықов. Қаланың басқа бөлігінде орналасқан жекеменшік компанияның қызметкеріне,  бір ай бойы көлігін  ақылы тұрақтарға тегін қою құқығын беретін сертификат табыс етілді.   Ақылы көлік тұрағын  Ы. Құлатай бір апта бойы,  ал   Т.Қамытбаева бір күн бойы тегін пайдала алады. 

Бір айта кетерлігі,  шараның  алғашқы екі жеңімпазының  жұмыс орындары Нұржол желекжолында орналаспаған. Алайда, бұл жайт аталған жүргізушілердің  коммуналдық тұрақ ережелерімен мұқият танысып, тұрақ ақысын  дер кезінде төлеуіне  бөгет  болған жоқ.  Астана қаласының мерейтойы қарсаңында,  бұл жеңістер автокөлік иелері үшін жағымды тосынсый болды. Жүлде  сертификаттарын  шара жеңімпаздары үсітіміздегі жылдың 1-қазанына дейін пайдалана алады.  


04.07.2018 ж.

Құрметті Астана тұрғындары мен қонақтары!

Астананың 20 жылдығымен құттықтаймыз! Еске сала кетейік, мереке күндері ақылы тұрақтарға көлік қою тегін.


21.06.2018 ж.

Құрметті автокөлік жүргізушілер! 

Нұржол желекжолы бойындағы ақылы көлік тұрақтарында жол таңбаларын сызу жұмыстары аяқталды.


11.06.2018 ж. Нұржол желекжолындағы таңбаларын сызу туралы

Құрметті автокөлік жүргізушілер! 

2018 жылғы маусымның 13-і мен 20-сы аралығында Нұржол желекжолы бойындағы ақылы көлік тұрақтарында жол таңбаларын сызу жұмыстары  жүргізіледі.

Жөндеу жұмыстары жүріп жатқанда жолдың төмендегі телімдері жабық болады.

1) Түркістан көшесінен Мәңгілік ел даңғылына дейін - 13-14 маусым 2018 ж.

2) Түркістан көшесінің Қонаев көшесінен Достық көшесіне дейінгі телімі - 15 маусым 2018 ж.

3) Бәйтеректің айналасындағы телімдер - 16 маусым 2018 ж.

4) Ақмешіт көшесінің Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі телімі  - 17 маусым 2018 ж.

5) Ақмешіт көшесінен Нұржол көшесіне дейін - 18-19 маусым 2018 ж.

6) Нұржол  көшесінің Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі телімі - 20 маусым 2018 ж.


04.06.2018 ж.

Құрметті Астана тұрғындары мен қонақтары!

«Астананың  көлік тұрақтары кеңістігі» Елорданың  20 жылдығы құрметіне  «Паркуйся activно» шарасын өткізеді.  2018- жылғы маусымның 5-і мен шілденің 5-і аралығында тұрақ ақысын activ балансынан төлеңіздер де,  Нұржол желекжолы бойындағы тұрақтарға  көліктеріңізді  бір ай бойы тегін қою құқығын ұтып алыңыздар. 

«Паркуйся activно» шарасын өткізу Ережесi.


09.05.2018 ж.

Жеңіс күні құтты болсын, құрметті қазақстандықтар! 


07.05.2018 ж.

Отан қорғаушылар күні құтты болсын! 

Зор денсаулық, мол бақыт, табыс тілейміз! 

Қазақстан әскерінің айбыны асқақтап, еліміз аман, жұртымыз тыныш, еліміздің мәртебесі биіктей берсін!


04.05.2018 ж

Құрметті автокөлік жүргізушілер! 
2018 жылдың 5 мамыр күні автокөлік тұрақтары 2018 жылдың 8 мамыр күні үшін істейді.
Демалыс күндері: 2018 жылдың 6, 7, 8, 9 мамыр күндері.


01.05.2018 ж.

Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз.


27.04.2018 ж.

Құрметті автокөлік жүргізушілер! 

2018 жылдың 28 сәуір күні автокөлік тұрақтары 2018 жылдың 30 сәуір күні үшін істейді.

Демалыс күндері: 2018 жылдың 29-30 сәуір, 1 мамыр күндері.


23.04.2018 ж.

Құрметті автокөлік иелері!

2018-жылғы сәуірдің 23-інен бастап, тұрақ ақысын төлемегендер туралы деректер,  айыппұлдар өндіріп ала бастау үшін,   Әкімшілік өндірісінің біріңғай  реестріне (ӘӨБР) және Астана қаласының ІІД Әкімшілік полициясы басқармасына    жолданатын болады. 


19.04.2018 ж.

Ақылы көлік тұрақтарының алғашқы үш айдағы қызметінің нәтижелері және  тұрақ ақысын төлемегендер тізімін Астана қаласының ІІМ ӘПБ  автоматты түрде беру жұмыстарының  басталғаны туралы

Ағымдағы жылдың 15-қаңтарынан «Нұржол» желекжолында, Астананың көлік тұрағы  кеңістігін басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу жөніндегі жобаның бірінші кезеңін жүзеге асыру аясында, ақылы тұрақтар жұмыс істей бастады.  

Содан бергі арада өткен  үш ай ішінде ақылы тұрақтар қызметін  16,5 мыңға жуық жүргізуші пайдаланған,  тұрақтарға автөкөліктердің 46 мың рет қойылғаны тіркелген. Алайда арнайы жүргізілген талдау,  тұрақ ақысын оған темір тұлпарларын қойған  автокөлік иелерінің  10% -ы ғана төлейтінін көрсетті.  

«Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС Астана қаласы ІІД әкімшілік полициясымен бірлесе отырып, Нұржол желекжолы бойында орналасқан ақылы көлік тұрағы аймақтарында және "Тоқтауға тыйым салынған", "Көлік қоюға тыйым салынған" белгілері орнатылған аймақтарда ереже бұзушыларды анықтау мақсатында екі мәрте  рейдтік шара өткізді. 

Тұрақ ақысын төлемегендер тізімі www.2888.kz сайтында бір ай бойы жарияланып отырды.  Иелері тұрақ ақысын төлемей кеткен автокөліктер нөмірлері күн сайын жаңартылып тұрды.

Сонымен қатар, 3 ай бойы «Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ақылы тұрақты тегін пайдалану құқығына ие азаматтар санаттарын тіркеумен айналысты.  Күні бүгінге дейін  мұндай тіркеуден  жеңілдігі  бар 200-дей азамат өткен. Тағы да естеріңізге сала кетсек, мұндай  санатқа  Ұлы Отан соғысының ардагерлері, өздері үшін арнайы орындар белгіленген бірінші және екінші топ мүгедектері, «Алтын Қыран» және «Халық қаһарманы» ордендерінің иегерлері, «Алтын Алқа» және «Күміс Алқамен» марапатталған көп балалы аналар, Семей ядролық полигонындағы жарылыстардан зардап шеккендер, сондай-ақ Ауғанстандағы және басқа да жауынгерлік әрекеттер ардагерлері мен мүгедектері жатады. Жоғарыда аталған азаматтар жеңілдікке ие болу  құқықтарын   жұмыс күндері Шарль де Голль көшесі, 1а үйге келіп, рәсімдеуі тиіс.  Мұндай жеңілдіктерді 2018-жылғы сәуірдің 23-іне дейін рәсімдеп үлгермеген қала тұрғындары, өз мекенжайларына, көлік тұрағы ақысын төлемегені үшін  айыппұл салынғаны  туралы ұйғарым келген жағдайда,  бұл мәселені сот арқылы шешулеріне тура келеді. 

2018-жылғы сәуірдің 23-інен бастап, тұрақ ақысын төлемегендер туралы деректер,  айыппұлдар өндіріп ала бастау үшін,   Әкімшілік өндірісінің біріңғай  реестріне (ӘӨБР) және Астана қаласының ІІД Әкімшілік полициясы басқармасына    жолданатын болады. 

Әрбір 15 минут сайын тұрақтағы барлық  487 орын фототіркеу құралы орнатылған арнайы автокөлік көмегімен бақыланып отырады. «Дозор-М» аппаратты-бағдарламалық  фототіркеу  кешені автокөлік нөмірін тіркеп,  оқиға болған орын, дата  және  уақыт көрсетілген деректер пакетін құрастырады.  Сосын оны сымсыз байланыс желісі арқылы деректерді өңдеу орталығына жолдайды.   

Естеріңізге сала кетсек, кешен қозғалыссыз  тұрған көлік құралдары қатысуымен аялдау және тұрақтау ережелерінің бұзылғанын және басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтарды тіркеуге арналған.  

Сонымен,  көлікті тұраққа қою ережесінің бұзылғанын тіркеп тұратын сертификатталған құралдар арқасында,   көлік  тұрақтары ақысының  дер кезінде төленген-төленбегені туралы деректерді жинақтау мүмкін болды. Ал көлік тұрақтары ережесін ұдайы бұзатындар  туралы Астана қаласының ІІД Әкімшілік полициясы басқармасына жіберіледі.

ҚР «Көлік құралдарының аялдамасын немесе тұраққа қою ережелерін бұзу» ӘҚТК 597-бабына сәйкес, тұрақ ақысын төлеуден жалтарғандарға үш айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады. 2018 жылы бұл көрсеткіш  2405 теңгеге тең, - мұндай айыппұл мөлшері 7215 құрайды.  Бір жыл ішінде осы Ереже қайта бұзылған болса, салынатын айыппұл мөлшері 5 АЕК болады.   

Нұржол желекжолы бойындағы тұрақ аймақтарына түсетін салмақ деңгейін талдау нәтижесінде, уәкілетті органдармен  «Казмедиа Орталығы»,  «Изумрудный квартал» ТК,  «Корме» орталығы және  «Нұрсая» ТК  маңындағы  тұрақ орындары санын 113 көлік орынына ұлғайту туралы келісілді. 

Естеріңізге сала кетсек, 2019-жылы еліміздің бас қаласында 10 мыңнан астам тұрақ орынын ашу жоспарлануда.   


16.04.2018 ж.

Құрметті автокөлік иелері!

Егер сіздер өздеріңізді көлік тұрақ орынын төлемегендер тізімінен тапқан болсаңыздар, қарыздарыңызды төлеу мерзімі 2018- жылғы 22-сәуір күнінің кешіне дейін ұзартылады.Қарызды СМС-хабарлама (@Beeline, Activ абоненттері үшін) және «Касса 24» терминалы (Kcell, Altel, Tele 2 абоненттері үшін) көмегімен өтеуге болады.

Толық нұсқаулықпен 2888.kz сайтында таныса аласыз.


29.03.2018 ж.

Астананың жол полициясы ақылы көлік тұрағы 

аймақтарында  рейд өткізді 

2018-жылдың   29-наурызы күні сағат 15:00-де  Елордадағы ақылы тұрақтардың бас операторы «Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС  Астана қаласы ІІД әкімшілік полициясымен бірлесе отырып,  Нұржол желекжолы бойында орналасқан ақылы көлік тұрағы аймақтарында ереже  бұзушыларды анықтау мақсатында рейдтік шара өткізді.

Тұрақ ақысын төлемегендердің тізімі 2888.kz. сайтында  жарияланған.   Онда ақылы тұраққа көліктерін қойып, тұрақ ақысын төлемей кеткен жүргізушілер көліктерінің нөмірлері  күн сайын жаңартылып тұрады. 

Баршаңызға белгілі, ағымдағы жылдың 15-қаңтарынан  «Нұржол» желекжолында,  Астананың тұрақ кеңістігін басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу жөніндегі жобаның бірінші кезеңін жүзеге асыру аясында,  ақылы тұрақтар жұмыс істей бастаған еді.  

Жоба жұмысының мақсаттары мен қағидалары туралы ОКҚ¬- да өткен брифингте айтылды,   сюжеттер мен бағдарламалар топтамасы шығарылды,  мемлекеттік арналарда,  радио және ақпараттық порталдарда сұхбаттар  жарияланды.  Жаңа жүйенің жұмыс істеу ерекшеліктері туралы ақпараттар компанияның ресми сайты мен әлеуметтік желілерде ұдайы жаңартылып тұрады.  Бұған қоса, мемлекеттік және орыс тілдерінде түсірілген бейнероликтер Астана қаласының  LED-экрандарында көрсетіліп, танымал  мессенджерлер арқылы  таратылды.  Сондай-ақ  қала тұрғындары өздерін қызықтырған кез-келген сұраққа  таңғы  08:00-ден  кешкі  20:00-ге дейін  Call center¬-ге хабарласу арқылы жауап  алады.   

Естеріңізге сала кетсек,  қазіргі уақытта ақылы тұрақтар Нұржол желекжолы бойында жұмыс істейді.  Аталған аймақта  487 тұрақ орыны белгіленіп,  12 паркомат  орнатылған.   Арнайы жасалған талдау көрсеткендей, клиенттер, тұрақ ақысын мобилдік қосымша жүктеу  және  2888.kz сайтындағы жеке кабинеті арқылы төлегенді аса қолайлы санайды екен.

 Екі жарым ай ішінде ақылы тұрақтар қызметін  3  мыңнан астам көлік иелері пайдаланған.  Алайда жүргізушілердің көпшілігі,  көліктерін коммуналдық тұраққа қойғандары үшін ақы төлемей  немесе басқа,  тыйым салынған  жерлерге қалдырып кету арқылы   бұл аймаққа көлік қою ережесін әлі күнге дейін бұзып келеді.  ҚР «Көлік құралдарының аялдамасын  немесе тұраққа қою ережелерін бұзу» ӘҚтК 597-бабына сәйкес,  тұрақ ақысын төлеуден жалтарғандарға  үш айлық есептік  көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады.  Бір жыл ішінде осы Ереже қайта бұзылған болса,  салынатын айыппұл мөлшері   5 АЕК құрайды. 

«Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС баспасөз қызметі

Байланыс телефоны: + 7 707 773 52 13


23.01.2018
БАСПАСӨЗ БАЯНЫ


Қолайсыз ауа райы жағдайында көлік тұрақтарын тегін пайдалану туралы

Құрметті Астана тұрғындары және қонақтары!
Құрметті автокөлік иелері!

Сіздерге қазіргі ауа райының қолайсыз кезеңінде, яғни ағымдағы жылдың 26-қаңтарына дейін, Нұржол бульварындағы көлік тұрағын пайдаланғаныңыз үшін ақы ТӨЛЕМЕЙТІНІҢІЗДІ хабарлаймыз.
Қосымша ақпарат алу үшін 8 800 080 2888 немесе 109 нөміріне хабарласыңыздар.
Естеріңізге сала кетсек, Тұрақ ақысы таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін сағатына - 100 теңге. Төлемақы тұрақ сессиясы басталған сәттен бастап, алғашқы отыз минут ішінде жүзеге асырылуы тиіс. Демалыс және мереке күндерінде тұраққа көлік қою тегін. Паркоматтар орналасқан орындар, оларды пайдалану тәртібі және төлем тәсілдері туралы ақпараттардыwww.2888.kz  сайтынан алуға болады. Сондай-ақ аталған ақпаратты 8-7172 57 64 81 нөміріне хабарласып, біле аласыз.
Тұрақ қызметін тегін пайдалану құқығына Ұлы Отан соғысының ардагерлері, көліктерін арнайы бөлінген орындарға қоятын бірінші және екінші топ мүгедектері, «Алтын Қыран» және «Халық қаһарманы» ордендерінің иегерлері, «Алтын Алқа» және «Кұміс Алқа» тағынған көп балалы аналар, Семей ядролық полигонында жүргізілген сынақтардан зардап шеккендер, сондай-ақ, Ауғанстандағы және басқа да елдердегі әскери әрекеттер ардагерлері мен мүгедектері ие. Аталған жеңілдіктерге қол жеткізу үшін Астана қаласы, Ақбұлақ шағын ауданы, Шарль де Голль көшесі, 1 үйде орналасқан «Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС клиенттермен жұмыс істеу бөлімінде тіркелу керек.

«Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС баспасөз қызметі
Байланыс телефоны: +7 777 111 46 87



22.01.2018
WhatsApp мессенджерін іске қосу туралы ақпарат
«Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС

Құрметті Астана тұрғындары және қонақтары!
Құрметті автокөлік иелері!

Енді Сіздер өз сұрақтарыңызды +7 776 605 2888 нөмірі бойынша WhatsApp мессенджеріне жолдай аласыздар.
«Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС клиенттер қызметі мамандарының WhatsApp мессенджері арқылы өзара әрекеттестігі Елордадағы «Нұржол» желекжолы бойында орналасқан ақылы көлік тұрақтарына қатысты сұрақтар бойынша ақпарат алмасуды жеделдетуге бағытталған.
Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылғы 15 қаңтарда Астана қаласындағы көлік тұрағы кеңістігін басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу жобасының бірінші кезеңі жұмыс істей бастады. Тұрақ құны таңғы сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін сағатына 100 теңге. Төлем көлікті тұраққа қойған сәттен бастап алғашқы 30 минут ішінде жүргізілуі тиіс. Демалыс және мереке күндері тұрақты пайдалану тегін. Тұрақты пайдалану тәртібі, төлем тәсілдері және паркоматтар орналасқан орындар туралы толығырақ ақпараттарды www.2888.kz. сайтынан алуға болады. Сондай-ақ аталған ақпаратты 8 800 080 2888 тегін нөміріне немесе қалалық 109 біріңғай байланыс орталығына хабарласып, біле аласыз.
Тұрақ қызметін тегін пайдалану құқығына Ұлы Отан соғысының ардагерлері, көліктерін арнайы бөлінген орындарға қоятын бірінші және екінші топ мүгедектері, «Алтын Қыран» және «Халық қаһарманы» ордендерінің иегерлері, «Алтын Алқа» және «Кұміс Алқа» тағынған көп балалы аналар, Семей ядролық полигонында жүргізілген сынақтардан зардап шеккендер, сондай-ақ, Ауғанстандағы және басқа да елдердегі әскери әрекеттер ардагерлері мен мүгедектері ие. Аталған жеңілдіктерге қол жеткізу үшін Астана қаласы, Ақбұлақ шағын ауданы, Шарль де Голль көшесі, 1а үйде орналасқан «Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС клиенттермен жұмыс істеу бөлімінде тіркелу керек.

«Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС баспасөз қызметі
Байланыс телефоны: +7 777 111 46 87

19.01.2018 ж.

Құрметті автокөлік иелері, демалыс және мерекелік күндері тұрақтар ТЕГІН екендігін естеріңізге саламыз!